Шығыс Қазақстан облысында құнды металдарды заңсыз өндіру деректері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер қазумен заңсыз айналысқан кеншілердің екі тобы Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында анықталған.
«Кеншілер 4 металл іздегішті пайдаланған, олар кейіннен тәркіленген. Сонымен қатар жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып, жер қойнауын заңсыз өндіру салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру дерегі тіркелді», делінген прокуратура хабарламасында.