• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 25 Маусым, 2024

Көкшетауды қыс мезгіліне дайындау үшін 2 миллиардтан астам қаражат бөлінеді

96 рет
көрсетілді

Көкшетаудың №2 қазандығын қыс мезгіліне дайындауға Үкімет резервінен 2,3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жылу көзіне әрқайсысы 100 Гкал/сағ жылу өнімділігі бар үш көміртозаңды су жылыту қазандығы орнатылған. Олар гидравликалық әдіспен күл үйіндісіне арнайы күл-қож құбырлары арқылы шығарылатын қалдықтардың көзі саналады. Бүгінгі таңда 2012 жылы тұрғызылған күл үйіндісі 100% толған.

Осыған байланысты бөлу жүйесін реконструкциялауға және күл үйіндісін ұлғайтуға Үкімет резервінен қаражат бағытталады, бұл алдағы жылыту маусымында аудандық қазандықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қыста ол тәулік бойы жұмыс істейді.

№2 аудандық қазандық №1, «Көкшетау 2» және «Красный Яр» қазандықтарымен қатар жылу энергиясын өндірумен, берумен және таратумен айналысатын «Көкшетау Жылу» кәсіпорнының жылу кешеніне кіреді. Жалпы, ол 5 мыңнан астам көппәтерлі және жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 120 білім беру нысанын, 46 денсаулық сақтау объектісін, 1 мыңнан астам өнеркәсіп нысанын және өзге де ұйымдарды жылумен қамтамасыз етеді.

Қазақстанда алдағы күзгі-қысқы кезеңге жылу көздерін қарқынды дайындау жұмысы Үкімет басшылығының бақылауында.