• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Маусым, 2024

Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

149 рет
көрсетілді

Синоптиктердің болжамына сәйкес, ертең, 26 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бірқатар өңірде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде: +13...+15 °C, күндіз: +26...+28 °C.

Алматыда қолайсыз ауа райы сақталады. Түнде: +18...+20 °C, күндіз: +34...+36 °C. Көшпелі бұлт, өткінші жаңбыр, қатты найзағай болжанып отыр.

Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде: +19...+21 °C. Күндіз: +36...+38 °C.

Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Түнде: +17...+19 °C, күндіз: +34...+36 °C. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде: +20...+22 °C. Күн: +32...+34 °C.

Жезқазғанда жауын-шашын болмайды. Түнде: +15...+17 °C, күндіз: +31...+33 °C.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде: +15...+17 °C, күндіз: +27...+29 °C.

Көкшетауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде: +15...+17 °C, күндіз: +28..+30 °C.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде: +20+22 °C, күндіз: +35+37 °C.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде: +13+15 °C, күндіз: +25+27 °C.

Қызылордада түнде: +21+23 °C, күндіз: +35+37 °C.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде: +18+20 °C, күндіз: +33+35 °C.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде: +14+16 °C, күндіз: +23+25 °C.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде: +20+22 °C, күндіз: +34+36 °C.

Таразда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде: +18+20 °C, күндіз: +33+35 °C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде: +21+23 °C, күндіз: +36+38 °C.

Оралда күн бұлтты, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Түнде: +12+14 °C, күндіз: +24+26 °C.

Өскеменде жауын-шашын болмайды. Түнде: +16+18 °C, күндіз: +32+34 °C.