Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, сондай-ақ Ішкі істер министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала деректер бойынша, ұсталғандардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған. Ол радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы мүмкін.
Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
«Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген ресми хабарламада.