27 маусым күні таңертең Қарағанды қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрмыстық заттар, жиһаздар мен тоңазытқыш жанып кеткен. Өрт аумағы алты шаршы метрді құрады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала бар. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 58 минут ішінде сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған.