• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2024

Астанада ШЫҰ Іскерлік кеңесі Алқасының отырысы өтеді

143 рет
көрсетілді

Ертең, 28 маусымда Астана қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Райымбек Баталовтың төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесі Алқасының 25-ші отырысы өтеді. Іс-шара барысында ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын талқылау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн тәртібіне сауда-экономикалық байланыстарды және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мәселелері енгізілген.

Отырыста мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ экономика және халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар сөз сөйлейді.

Түстен кейін Іскерлік кеңес шеңберінде «Сауда-экономикалық ынтымақтастық (өнеркәсіп, көлік-логистика, инвестиция, мәдениет және туризм)» тақырыбында ШЫҰ бизнес-форумы өтеді. Онда ірі компаниялардың B2B кездесулері болады. Аталған іс-шара тікелей іскерлік байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды талқылауға және келісімдерге қол қоюға бірегей мүмкіндік береді.