• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Маусым, 2024

Онлайн емтихан: Жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

181 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн емтихан тапсыру мәселесі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазір азаматтардың әртүрлі аймақтардан автосервис орталықтарына бармауы үшін теориялық және практикалық емтихандарды қалай ұйымдастыру керектігі туралы сұрақтар қарастырылып жатыр. Цифрландыру министрі мұны қалай жеңілдетуге болатынын ойластырып жатқанын айтты», деді М.Қожаев Сенат отырысында.

Оның айтуынша, егер жүйе ашық және бақыланатын болса, ешқандай мәселе болмауы тиіс.

«Біз бес жылдан бері практикалық та, теориялық та емтихан қабылдамаймыз. Егер «цифрландыру» жүргізуші куәлігін алу үшін ыңғайлы, бақыланатын нәрсені енгізсе, егер бұл қауіпсіз, ашық болса, адамдар жол қауіпсіздігі туралы білімдерін көрсете алса біз қарсылық білдірмейміз», деді министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережелері өзгеруі мүмкін. Бұл туралы кеше Мәжілісте Ішкі істер министрлігі мен цифрлық департамент өкілдері мәлімдеді.