• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Маусым, 2024

Сарыағаш курортын жекешелендіру халыққа кері әсер етуі мүмкін - сенатор

108 рет
көрсетілді

Сенатор Мұрат Қадырбек сауықтыру курортының бәсекелестік ортаға берілуіне байланысты ел азаматтары алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, жыл сайын шипажай – демалу және емделу бойынша 20 000-ға дейін келушілерді қабылдайды, тұру құны тәулігіне 14 000-нан 25 000 теңгеге дейін құрайды.

«Қазіргі кезде шипажаймен қатар сол аумақта 50-ден астам жекеменшік шипажайлар бар. Олардын қызмет көрсету бағасы 40 000-120 000 теңге арасында, яғни қарапайым халық үшін қолжетімсіз. «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес, шипажай бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған ұйымдардың тізбесіне енгізілуі – ауыл тұрғындарын қатты алаңдатып отыр. Себебі, олар осы шипажайда қызмет атқарып келеді. Ол жекешелендірілген жағдайда сатып алушы пайданы ұлғайту мақсатында оңтайландыру жұмыстарын жүргізуі мүмкін. Бұл өз кезегінде қарапайым қызметкерлердің қысқаруына алып келеді», деді депутат.

Сенатор Мұрат Қадырбек осыған байланысты еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектеновтен шипажайды жекешелендірудің кешенді жоспарынан шығаруға жәрдемдесуді сұрады.