• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2024

Бельгиядан анасын іздеп келген Жәнібектің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ІІМ

169 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев анасын Бельгиядан іздеп келген қазақ Жәнібек Савельевтің оқиғасына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жәнібек Савельевтің асыралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қай уақытта, қай себеппен шетелге шыққаны анықталып жатыр. Әке-шешесі іздестіріліп жатыр. Нақты Жәнібектің оқиғасы сияқы істер бар деп айта алмаймын. Ондай істер жоқ», - дейді Қожаев.

Айта кетейік, Жәнібек Савельев 2023 жылдың соңында Қазақстанға туған анасын іздеп Белгиядан келеді. Соңғы айларда оның анасын табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткен. Мысалы, «Бармысың, бауырым?» редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы оның туған кезде басқа баламен ауысып кетуім мүмкін екенін анықтаған.

Жәнібектің өзі күні кеше асырап алған анасы ауыр дертке шалдыққанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұраған болатын.