• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2024

Шекара шебінің шежіресі

122 рет
көрсетілді

Жер бетіндегі басты құндылық адам өмірі болса, шекара қызметі, шекара күзеті оның қорғаны мен сақшысы екені сөзсіз. Отан күзетінде тұрғандар туралы үздіксіз жазылуға тиіс қой. Еліміздің шекара қызметі туралы хабар толассыз тарай бастағалы биыл 81 жыл толыпты. Бұл, әрине, бұған дейін шекара қызметі туралы айтылмады, жазылмады деген сөз емес. Әңгіме әскери журналистикамыздың төлбасы, еліміздің Қарулы күштеріндегі алғашқы басылым «Отан сақшысы – Часовой Родины» газеті және «Шекарашы» журналы туралы.

Қазақстан шекарасының ке­йін­гі 80 жылдық тарихы осы басылым­ бет­терінің тігіндісінде. Аға буын шекарашылардан бастап бү­гінгі қызметкерлердің еңбегі мен қызметі. Отан тыныштығы үшін жанын пида етуге дайын­ ерлердің еңбегін әйгілеп жүрген «Отан сақшысы – Часовой Ро­ди­ны» газетінің тілшілері – ҰҚК Шекара қызметінің өңірдегі депар­таменттерінің әскери жур­налис­тері санатында. Сайдың тасындай тілшілер қосыны мұнда шека­ра­шылардың ел шебіндегі өмі­рін қалт жібермей, тынымсыз тіршіліктері туралы қалам тер­бейді. Шекара тынысы мен шека­рашының жүрек қағысына құлағын төсейді.

Шекарашылар басылымының алғашқы нөмірі Екінші дүние­жүзілік соғыс қызып тұрған 1943 жылы 10 шілдеде оқырман қолына тиіпті. Қазақ редакциясының тұңғыш редакторы Сағидолла Сиқымбайұлы әскери шені полковник болғанымен, журналистер арасында «погонсыз генерал» атанған. «Сәкеңнің ізі шекарада сайрап жатыр» дейді білетіндер. Сондығынан шекарашылар өмірінен сыр шерткен публицистикалық жанрдағы кітаптардың қатары жыл өткен сайын молайып келеді. Өткен жылы «Сексен жылдық шежіре» деген атпен кітап болып шықты.

Осындай шежіреге бай газет­ті бүгінде подполковник Рахат Нұрғалиев басқарады. Ел шебіндегі тілшілер қатарын Мәскеудегі әскери журналистерді даярлайтын жоғары әскери оқу орнын бітірген екі түлек толықтырды. Сондай-ақ «OS-ЧР» газетінің жанынан видео­студия құрылғанын айта кеткен жөн. Аға лейтенант Аян Қайыр бастаған түсірілім тобы шекара қызметінің аясында өтіп жатқан ауқымды жиындардан табылып, тұщымды дүниелер жасаудың шеберлеріне айналған десек, артық айтқандық емес.

Газет тілшілері өңірдегі бұқа­­ралық ақпарат құрал­да­рымен тығыз қарым-қаты­наста. Ше­ка­­ра­шылар туралы бір­не­ше де­­рек­­ті фильм түсі­ріліп, «ҚаһарMЕN» әскери-пат­риот­тық бағдарламасының шы­ғар­­­­ма­шылық түсірілім тобы Алма­ты облысы бойынша депар­та­ментінің учаскесіндегі шекара бөлімшелерінен тұщымды дүниелер жасады.

Капитан Асхат Жаналиповтің қарымды қаламының арқасында Каспий теңізінің байлығы – бекіреге көзін алартқан қан­ша­ма браконьер теңізші шека­ра­шылардың құрығына ілінді. Мұнда қандай ауқымды шека­ра­лық операциялар өтіп жататынынан дер кезінде хабардар болып отырады.

Майор Манарбек Қарекенов Жетісу облысы бойынша депар­таментінің шараларын рес­пуб­ликалық, облыстық БАҚ-қа шы­ғарып, халыққа жариялап келеді. Жақында өңірдегі журналистер Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы қызметінің, қарбаластан тұратын шекара бөлімшелерінің бірінде болып, шекарашылардың өмірі­мен танысып қайтты.

Биылғы қыркүйек айында ашыл­ғанына ширек ғасыр толатын Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының алғашқы жылдардағы өмірі тәжік-ауған шекарасындағы «ыстық нүк­теден» кем болмағанын жергілікті халық жақсы біледі. Газеттің осы өңірдегі меншікті тілшісі – Түркістан облысы бойынша департаментінің консультанты майор Рауан Нұрмет оңтүстіктегі шекарашылардың ерлігі жөнінде материалдар жариялап, жас сарбаздар мен офицерлерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде және жауынгерлік рухты көтеруге үлесін қосып келеді. Қысқасы, еліміздің баты­сы мен шығысындағы, оңтүс­тігі мен солтүстігіндегі Отан қал­қандарының өмірі әскери жур­на­листер назарында. Ел мен жер­дің амандығын қырағылықпен қор­ғаушылар бар да әскери жур­на­листиканың да жалауы желбірей береді. Шекарашылар қайда болса, әскери журналистер де сонда!