Қызылорда қаласында жеңіл көлік қоғамдық автобуспен соқтығысуы салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, оқиға 27 маусымда болған. Қоғамдық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, оқиға орнында жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапқан.
Бұл жөнінде түсініктеме берген Қызылорда облыстық Полиция департаменті: «Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері басталған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп мәлім етті.