Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, деп жазады Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 30 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша найзағай, бұршақ, даыл, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық сақталады.
Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.