• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Шілде, 2024

Елімізде шілде айында ауа райы қандай болады?

204 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Айдың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Шілде айының басында елімізде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі, әсіресе Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Ауа температурасы келесідей болады:

Солтүстікте және шығыста: түнде +10...+15°С, күндіз +18...+28°С.Орталықта: түнде +10...+18°С, күндіз +22...+28°С.Оңтүстік-шығыста: түнде +15...+20°С, күндіз +22...+30°СБатыста және оңтүстікте: түнде +12...+17°С-тан +20...+28°С-қа дейін, күндіз +27...+32°С-тан +35...+43°С-қа дейін көтеріледі.

Бірінші онкүндіктің соңы мен екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігінде ыстық күндер қайта оралады.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ыстық және салқын күндер алмасады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады.

Температураның ауытқуы келесідей болады:

Батыста: түнде +15...+22°С-тан +19...+25°С-қа дейін, күндіз +28...+33°С-тан +33...+38°С-қа дейін.Солтүстік, орталық және шығыста: түнде +7...+17°С-тан +15...+23°С-қа дейін, күндіз +17...+27°С-тан +30...+37°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-батыста: түнде +14...+23°С-тан +20...+28°С-қа дейін, күндіз +30...+36°С-тан +35...+43°С-қа дейін.Оңтүстік-шығыста: түнде +10...+18°С-тан +17...+25°С-қа дейін, күндіз +25...+36°С-тан +33...+40°С-қа дейін ауа температурасы көтеріледі.