Шымкент базарларының бірін өрт шарпыды. Құтқарушылар өртті ауыздықтап үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шымкент қаласында өрт сөндірушілер базардағы өртті сөндіріп жатыр», делінген хабарламада.
Кейінірек департамент 6 сауда бутигінің өртеніп, 2 көлікке зақым келгенін хабарлады.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 280 шаршы метр аумақты шарпыған өрт екі сағаттың ішінде толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.