Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитіне байланысты жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қою жоспарланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады.
Қала әкімдігі тұрғындардан күшейтілген қауіпсіздік режиміне түсіністікпен қарауды сұрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, елордада, сондай-ақ Алматыда, Қарағандыда және Көкшетауда ШЫҰ саммитін өткізу кезеңінде 2-4 шілде аралығында террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілді.
Еске сала кетейік, 2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көше бойында көлікті тұраққа қоюға тыйым салынады.
Айта кетерлігі, Астанада 2 шілде мен 4 шілде аралығында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70%-ға дейінгісі қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.