Қазақстан командасы әйелдер күресінен Иорданияда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында 7 медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім еткендей, күміс медаль иегерлері: Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі), Тыныс Дубек (62 келі).
Қола жүлдегерлер: Зейнеп Баянова (53 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі), Алина Ертөстік (76 келі).