• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Шілде, 2024

Шағын қалалар мен ауылдарда 1000 мектеп жаңғыртылады

112 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында 1000 мектепті жаңғыртудан өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуді көздейді. Атап айтқанда, ол мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, пәндік кабинеттер сатып алу (химия, физика, биология, STEM, роботехника және басқалары), мектеп жиһаздарын жаңарту, асхана, кітапхана бөлмелерін жаңғырту, сондай-ақ мектепте қауіпсіздік жағдайларын жақсартуды қамтымақ.

Осы орайда 2024-2025 оқу жылы 712 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 532 мектепке 1000-ға жуық пәндік кабинет сатып алынады, 574 мектепте жиһаз жаңартылады, 481 мектепте асхана, 757 мектепте кітапхана жаңғыртылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде 366 мың оқушы үшін білім алу жағдайы жақсартылады.