Еліміздегі ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты 3-4 шілдеде елордада 30-дан астам автобус бағытының қозғалыс кестесі уақытша өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қозғалыс бағыттары уақытша өзгеретін автобустар: № 10, 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 27, 28, 29, 29А, 30, 32, 35, 40, 42, 43, 46, 47, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 60, 61, 70, 84, 121, 201.
Өзгеріс Мәңгілік Ел даңғылындағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты.
Бұған дейін Астанада 4 шілдеде 15 автобус бағытының қозғалыс кестесі өзгеретіні хабарланған болатын.
Сонымен қатар 2-4 шілде аралығында Астананың бірқатар орталық көшелерінің бойына көліктерді тұраққа қоюға тыйым салынды.