2007 жылы теннис әлемінің қос мықтысы Роджер Федерер мен Рафаэль Надаль арасында ерекше жарыс өтті.
Ерекшелігі сол, ойын алаңы екіге бөлінген. Жартылай шөп, жартылай құм. Мұндағы мақсат не дейсіз ғой? Айтайық. Швейцариялық Роджер Федерер қарсыластарын шөп үстінде шақ келтірмесе, испаниялық Рафаэль Надаль бұрын-соңды құмдауыт жерде жеңіліп көрмеген. Осылайша, ұйымдастырушылар үлкен теннистің үздіктерін бір алаңда тоғыстырып, екеуінен кім мықты екенін анықтағысы келді. Тартысты бәсекеде Р.Надальдің мерейі үстем болды.