• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Шілде, 2024

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

129 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 3 шілдеде Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Болжамға сәйкес елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте және солтүстік-батыста тұман түседі.

Алматының оңтүстігінде, шығысында, Павлодардың орталығында, Ұлытау облысының орталығында, солтүстік-батыста, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстанның солтүстік-батысында, батыста, Атыраудың шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, батыста, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Маңғыстаудың батысында, Қарағанды облыстарының батысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында аптап ыстық сақталады.