• RUB:
    5.4
  • USD:
    475.39
  • EUR:
    513.37
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Шілде, 2024

Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді

42 рет
көрсетілді

Астана күніне орай 7 шілдеде елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ең мықты жылқылар мен шабандоздар әртүрлі биіктіктегі 7 маршрутта өз шеберліктерін көрсетеді. Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде басталады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 12 миллион теңге. Жарыстарда ең үздік шабандоздар анықталады. Көрермендер үшін кіру тегін.

Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен өтеді және оны Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырады.