Астанада ШЫҰ саммиті кезінде 30-дан астам автобустың бағыты өзгерді, оның ішінде Мәңгілік ел даңғылының бойымен жүретін автобустар да бар. Енді жолаушыларға ыңғайлы болу үшін аялдамаларда QR-кодтар пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
CTS хабарлауынша, жолаушылар үшін Мәңгілік ел даңғылы бойындағы аялдамаларда QR-коды бар хабарламалар ілінген. Уақытша маршрут үлгілерін көру үшін оны сканерлеу қажет.
«Ол үшін телефон камерасын QR-кодқа бағыттау керек. Сілтемені басып, диаграммаларға өтіңіз», деп түсіндірді CTS.