Синоптиктер Қазақстанда 4, 5 және 6 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы болжамына сәйкес алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, оның салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр күтіледі.
«Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында басым жағдайда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Сондай-ақ еліміздің батысында күндіз өте қатты ыстық күтіледі, +33...+43 градусқа дейін жетеді», делінген хабарламада.