Бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау 28 маусым, жұма күні аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова "Наурыз"ипотекалық бағдарламасы бойынша қанша өтінім түскенін айтты.
Ибрагимованың айтуынша, Қазақстанда e-kezekte порталында әлеуметтік есепке алу жүйесі бар, онда азаматтар тұрғын үйге кезекке тұра алады. Оған әскери қызметшілер, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, I және II топтағы мүгедек адамдар, жетім балалар кіре алады. Негізгі талап-жеке тұрғын үйдің болмауы.
- Бірақ жеке секторда жұмыс істейтін адамдар бізге сұрақ қояды-олар бұл кезекке тұра алмайды, бірақ баспанасы да жоқ. Бізде 35 жасқа дейінгі жас отбасылардың саны өте көп, олар депозиттер ашып, біртіндеп жинайды, – деді Ибрагимова.
Мұндай жағдайлар үшін "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы әзірленген еді. Бүгін депозит ашып, ертең бағдарламаға қатысуға болады.
- Сұраныс өте үлкен. "Отау" бойынша біз 8 мың өтінім жинадық. "Наурыз" жұма күні аяқталды сағат 21.00-де 38 841 өтінім келіп түсті. Бізде шамамен 12 мың өтінімге ресурстар бар, - деді банк басшысы.