Иә, қазір бұл бізге таңғаларлық жайт. Бірақ ортағасырлық Еуропаның көпшілік кітапханаларында құнды кітаптар сөрелерге шынжырмен байланып тұратын болған.
Тізбектің ұзындығы тек кітапты сөреден алып, сол жерде оқуға мүмкіндік береді. Мұндай әдістің негізгі себебі сирек кітаптардың жоғалып кетпеуі үшін жасалған. Айта кетейік, бұл тәжірибе ХVІІІ ғасырға дейін кең таралды. Бүгінде мүлдем жойылып кеткен жоқ. Мәселен, Нидерландтың Зютфен кітапханасынан қазірдің өзінде осындай ерекше бақылаудағы кітаптарды көруге болады.