• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Шілде, 2024

Ақылды «Феликске» алғыс

59 рет
көрсетілді

Астана қалалық полиция бөлімшесіне сегіз жастағы баланың тұрғын үйдің ауласынан жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау түскен бетте полиция жедел әрекет етіп, дереу іздеу шараларына кіріседі.

Кинологиялық қызмет орта­лы­ғы­ның қызметкері Азамат Оразқанов пен оның «Феликс» атты қызметтік иті дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жоғалған баланы санаулы уақыт ішінде жақындарымен қауыштырды. «Феликс» – неміс овчаркасы.­ Құқық қорғау саласындағы алғыр­лығымен танылған ақылды жануар. Елорданың кинологиялық қызметіндегі жолы күшік кезінен басталған. Осы екі жыл ішінде оның көмегімен жоғалған 20-ға жуық азамат өз отбасына аман-есен оралған. Соңғы оқиғада да төрт аяқты көмекшінің күш-жігерінің арқасында жоғалған бала аман-есен табылғаны қуантты.