• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Шілде, 2024

Қырғызстан ШЫҰ жастарының цифрлық форумын өткізуге ниетті

120 рет
көрсетілді

2025 жылы ШЫҰ жастарының цифрлық форумы өтеді. Айтулы іс-шара Қырғызстанда өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Астанада ШЫҰ саммиті өтіп жатыр. Жиын барысында Садыр Жапаров Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі мәртебесін алуымен құттықтады.

Kazinform агенттігі хабарлағандай, Садыр Жапаров алдағы 2025 жылы ШЫҰ жастарының цифрлық форумын Қырғызстанда өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

«Пандемия және климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздық сынды жаһандық сын-қатерлер кезеңінде біздің бірлігіміз бен бірлескен күш-жігеріміз осы кедергілерді еңсерудің кілті саналады. ШЫҰ-ның даулы жағдайларды белсенді саяси және дипломатиялық реттеуге деген ұмтылысы маңызды болып қала береді», деді Садыр Жапаров.