Кәдімгі өзіміз күнде жазып жүрген шарикті қаламсаптың құрылысы күрделі емес. Бірақ оның қалай, қашан шыққанына мән бермейміз. Қаламсаптың бұл түрі алғаш рет 1931 жылы Будапешттегі халықаралық жәрмеңкеде таныстырылған.
Аталған өнертабыстың авторлары – ағайынды Биролар. Олардың бірі – журналист, екіншісі химик. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ағайынды Биролар Аргентинаға қоныс аударады да, 1942 жылы сонда шарикті қаламсапты өндірістік негізде шығаруды бастайды. Әрине, алғашқыда сия құйып жасалған қаламсаптар сапасыздау болды. Бірақ 1945 жылы Биро патентін Марсель Бик сатып алған соң, жаңа қаламсап дүние жүзіне кеңінен тарайды.