Мемлекет басшысы Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен және оның Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.