Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан «Жасыбай» демалыс аймағында жасөспірім көлге батып кете жаздаған, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушылар мектеп оқушысын судан аман-есен алып шыққан.
Өңірлік ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталған жағажайға ата-анасымен бірге қыдырып барған 11-сынып оқушысы шомылып жүріп, көлге бата бастаған.
Хабарламада: «ТЖД жедел құтқару жасағы кезекшілік атқарған жерден дереу 2 құтқарушы жұмылдырылды, олар жасөспірімді судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті», делінген.