Якутск қаласында VIII жазғы «Азия балалары» ойындары мәресіне жетті, хабарлайды Egemen.kz.
Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, «Туймаада» стадионында өткен салтанатты жабылу рәсімінде жүлде алған барлық спортшымыз шеруде сап түзеп өтті. Аталған кешенді жарыста Қазақстан құрамасы 17 алтын, 31 күміс, 59 қола, барлығы 107 медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.