Сенат депутаты Ольга Булавкина Мемлекет басшысы қол қойған заңға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Депутат атап өткендей, кейінгі кездері қоғамға қатты әсер еткен құмар ойындарға патологиялық тәуелділік проблемасы – адамның өміріне балта шабатын күрделі мәселе. Бұл «індет» кесірінен мыңдаған адам өзінің жер учаскесін, пәтерін, көлігін, бизнесін жоғалтып, өз отбасын қаражатсыз қалдыруына және сол тұрғыда банктерге және микроқаржы ұйымдарына төзімсіз сомада қарыздар болып қалды.
«Ресми деректер бойынша Қазақстанда 350 мыңнан астам лудоман тұрады. Бұл еліміздің еңбекке қабілетті халқының 4%-ын құрайды», деп жазды О.Булавкина.
Сенатордың пікірінше, мектеп оқушылары мен студенттердің және жас әскери қызметшілердің психикасы әлі нығайып, өмірдің қиындықтарына тұрақты көзқарасы қалыптаспағандықтан құмар ойын оларды толығымен сіңіреді.
Еске салайық, заңмен құмар ойындарға қатысуды өз бетінше шектеудің ең ұзақ мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ заңмен «Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне» енгізілген, саны шамамен 3,5 млн адамды құрайтын жеке тұлғалар үшін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға қосымша тыйым салу белгіленген. Осылайша, қабылданатын шаралар букмекерлік кеңселердің әлеуетті клиенттерінің санын азайтуға бағытталған. Бұдан басқа, аталған санаттағыларды құмар ойындар мен бәс тігуге тарту және жіберу үшін заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.