БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім болғандай, екі оқиға да 7 шілдеде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сағат 22.50-де 5-ші қабаттағы терезеден 5 жасар бала құлап, жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлім етті ведомство.
Сол күні сағат 13.11-де 4 жасар ұл баланың үшінші қабаттан құлап кеткені тіркелген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген бала травматология бөлімшесіне жатқызылған. Жағдайы орташа ауыр. Қажетті ем алып жатыр.