• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Шілде, 2024

Президент кеңесшісі Ұлытау облысында болды

179 рет
көрсетілді

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ұлытау облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Алғашқы кездесу облыстың имамдарымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуге Ұлытау облысы аумағында қызмет етіп тұрған мешіттердің бас имамдары қатысты. Кездесуде Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың  «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» тақырыбында өткен  үшінші отырысындағы  дәстүрлі діни құндылықтарымызға қатысты айтқан ойлары талқыланды.

Мәлік Нұржанұлы сонымен қатар өңірдің шығармашылық интеллигенция өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, БАҚ басшылары, жастармен кездесті. Кездесуде  қоғамдағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

Облысқа жұмыс сапары барысында Президент кеңесшісі «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені, Алашахан, Домбауыл кесенелері мен Ұлытау ауданында болып, тарихи орындарды аралады.