• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Шілде, 2024

«Air Astana» әуе компаниясына тексеріс жүргізіледі

163 рет
көрсетілді

Көлік министрі Марат Қарабаев «Air Astana» әуе компаниясының қызметіне аудит жүргізілетінін айтты. Ол үшін ведомствода арнайы комиссия құрылған. Комиссия құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлері кірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін «Air Astana» бортсеріктері Президентке ашық хат жолдап, әуе компаниясында ресми айтылғандай 54 емес, шын мәнінде 25 ұшақ бар екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ штаттан тыс қызметкерлер мен жалақының аздығы туралы да айтылған еді.

Марат Қарабаев 25 ұшақ туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар оның айтуынша, ашық хатқа «Air Astana» әуе компаниясының бұрынғы қызметкерлері қол қойған.

«Келтірілген фактілер бойынша қосымша комиссия құрылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірақ хатқа қол қойғандар бұрынғы қызметкерлер, яғни «Air Astana»-ның қазіргі қызметкерлері емес екенін айтқым келеді», деді Марат Қарабаев Үкіметте өткен брифингте.

Сондай-ақ министр «Air Astana» әуе компаниясының 2 мыңға жуық бортсерігі бар екенін, олар үшін жақсы жұмыс жағдайлары мен мотивация жүйесі жасалғанын айта кетті.