• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2024

Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккендер баспаналы болды

129 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Көкшетау қаласында су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған белсенді жұмыстар әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басты мақсат – үйлері тұруға жарамсыз болып қалған барлық азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Соңғы екі айда 90-ға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болған.

Айта кетейік, Астана күні қарсаңында Көкшетау қаласында су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасы баспаналы болған еді. Сонымен қатар 26 көпбалалы ана да жаңа тұрғын үйдің иегері атанған.

Мүлікті өтеумен қатар, оларды қауіпсіз аймақтарға көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта Атбасарда екі 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тағы бір үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар Бұланды, Жарқайың және Есіл аудандарында жеті жеке үй салынып жатыр. Бұланды ауданында тағы 58 үйдің құрылысы осы айда басталады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығы мәлімдегендей, Ақмола облысында барлығы 1 265 нысанда техникалық зерттеу жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

331 тұрғын үй салу – 273-і басталған; 220 тұрғын үй сатып алу – 216 үй сатып алынған; 714 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу.