• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Шілде, 2024

Алматыда бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты

117 рет
көрсетілді

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам жауапкершілікке тартылды.  Сот оны кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында әйелге қол көтерген айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот анықтағандай, сотталушы бұрын бірге тұрған әйелді үйдің кіреберісінде бірнеше рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Айыпталушы кінәсін мойындады», делінген хабарламада.

Сотталушы бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.