• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Шілде, 2024

Астанадағы Тәуелсіздік көпірінде қозғалыс ішінара шектеледі

146 рет
көрсетілді

 

10-20 шілде аралығында Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік көпіріне асфальт жабынының жоғарғы қабаты салынады. Учаскедегі қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«2023 жылдың қазан айында жолдардағы кептелісті азайту үшін Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік көпірінде жол жабынының төменгі қабаты арқылы өту қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр», делінген әкімдік хабарламасында.

Осы жылдың 10-20 шілде аралығында асфальт-бетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ретте қозғалыс көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етіледі.