• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Шілде, 2024

Атырау қаласының бір бөлігі жарықсыз қалды

57 рет
көрсетілді

Бүгін, 9 шілде күні сағат 09:52 шамасында «KEGOC» АҚ жүйелік операторына батыс өңірде апатты режим жарияланғаны туралы хабар келіп түскен. Бұл туралы Атырау облысының энергетикалық кешені хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нәтижесінде Атырау қаласының бір бөлігі мен Қызылқоға, Махамбет аудандарында электр қуаты сөніп, тұрғындар 5 сағаттан астам уақыт бойы жарықсыз отырған.

«Сағат 11:05 шамасында апаттың алдын алу үшін автоматика іске қосылып, 110/35 кВ құрайтын бірқатар желі ажыратылған еді. Оған Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы қуаттың тапшылығы әсер етіп отыр. Атырау облысының энергожүйесінде технологиялық өзгеріс болмас үшін кестеге сәйкес «Атырау Жарық» АҚ желілеріндегі кәсіпкерлік қызметке шектеулер енгізілді. Салдарынан Атырау облысындағы Махамбет, Қызылқоға аудандары мен Атырау қаласының сол жақ бөлігі жарықсыз қалды», деп хабарлады женргетикалық кешеннің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, сағат 15:33 шамасында барлық абонент жарықпен толық қамтамасыз етілген.