• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Шілде, 2024

Ақтаудағы демалыс базасында жасөспірім көз жұмды

409 рет
көрсетілді

Ақтаудағы демалыс базасы аумағында 2007 жылы туған жас жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Lada.kz нақтылағандай, оқиға туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желіде тараған. 17 жастағы жігіт сырғанақтан суға секірген, кейін оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылған.

«Біз бұл жағдай туралы нақты түсініктеме бере алмаймыз, өйткені бала сырғанақтан құлаған жоқ. Бұл оқиға «Tree of Life» аумағында болған, бірақ жігіттің жағдайы нашарлап, өзін жайсыз сезінген. Оны жедел жәрдем бригадасы алып кетті», деп түсіндірді демалыс орталығының өкілдері.

 

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының мамандар тобы оқиға 8 шілде күні болғанын хабарлады.

«Қоңырау сағат 14:26-да келіп түсті. Жедел жәрдем келгеннен кейін баланың қайтыс болғаны расталды», делінген хабарламада.