2024 жылдың 16 шілдесінде қаланың су құбыры желілерінде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Алматы Су» МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 шілде күні сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін қондырғылар ауыстырылады деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты қаланың бірнеше ауданында суық су уақытша өшіріледі.
Сумен қамтамасыз ету шектелген аумақтар:
Медеу ауданы: Достық даңғылы – Қажымұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – Сәтпаев көшесі, Самал-1,2,3 шағын ауданы. Бостандық ауданы: әл-Фараби даңғылы – Батыс Желтоқсан көш. – Ганди көш. – Назарбаев даңғылы.Айта кетейік, жүргізілетін жөндеу жұмыстарынан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін.
«Профилактикалық жұмыстар кезінде кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналарды және басқа да құрылғыларды пайдаланудан бас тарту ұсынылады», деп қосты «Алматы Су» МКК баспасөз қызметі.