Бүгін сағат 11 шамасында Атырау маңындағы «Құрсай» шағын ауданында орналасқан «Чебурашка» балабақшасында 4 жасар бүлдіршін септикке құлап, көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Atyrau online телеграм арнасының мәліметінше, бүлдіршін серуен кезінде септикке құлап кеткен.
Қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», делінген полиция департаментінің хабарламасында.