Перуде археологтер Инк дәуірінде өмір сүрген 11 адамның сүйегін тапты.
Зерттеу барысында олардың жанынан әшекей бұйымдар да шыққан. Ғалымдардың болжамына қарағанда, табылған қаңқа қалдықтары 800 жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тиесілі. Бұл – археологтер үшін маңызды олжа. Себебі қаңқа ежелгі өркениеттің тарихын толық зерттеп-зерделеуге мүмкіндік береді.