• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Шілде, 2024

Шомылу маусымы басталғалы 28 бала суға батып кеткен

107 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Еске салайық, биыл елдің басым бөлігінде шомылу маусымы 1 маусым күні басталды.

Шомылу маусымы басталғалы бері су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде 42 тұрақты және қосымша 150-ге жуық жылжымалы маусымдық құтқару бекеттері орнатылған.

Сондай-ақ шомылуға тыйым салынған 4 598 орын анықталып, онда 5 894 ескерту және тыйым салу белгілері қойылған.

«Судағы қаупісіздік қағидатын сақтамау тәртібі бойынша 39 853 рейд пен патруль жүргізілді. Анықталған заң бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны» 364-ші, «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамағаны» 412-ші және «Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны» 440-ші баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан бастап 9 мыңға жуық хаттама толтырылды», деді Ақылбек Ахметжанов.

Жыл басынан бері патрульдеу өткізу барысында 131 адам құтқарылған, оның ішінде 35 бала бар.

«Биылғы шомылу маусымы басталғалы (1 маусым мен 9 шілде аралығында) 64 адам суға батып кетті, оның ішінде 28 бала бар. 2023 жылы осыған ұқсас кезеңде 76 адам суға батып кеткен, оның ішінде 21 бала болған. Адам өлімі 16 пайызға, бала өлімі 33 пайызға өсті», деді Ақылбек Ахметжанов.