Біраздан бері туған анасын іздеп жүрген бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің анасына қатысты жаңа мәлімет пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тың ақпаратты журналист Қымбат Досжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
- 20 жыл бұрын қылмыс жасап, баланы шетелге сатқан "адамның" мектепте білім беруге құқы бар ма? Мыңдаған долларға сатып жіберген қарагөздер түсіне кірмей ме екен? Президент "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына қол қойды, - деп жазды ол өзінің парақшасында.