• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 12 Шілде, 2024

Өңірдің өзекті мәселелері

90 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы Баянауыл аулында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты. Құны 2,5 млрд теңге болатын нысанның құрылысын ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жос­парланып отыр.

Алтынбек Нухұлы құрылыс алаңынан ке­йін Баян­ауыл ауданының ақсақалдарымен және ак­тивімен кездесу өткізіп, өңірдің әлеу­мет­­­тік-экономикалық даму жоспарын талқылады.

Депутат сапар барысында Мұса Шорман аулының тұрғындарымен де кездесті. Жүздесу кезінде Сенат қызметінің қорытындылары, сондай-ақ академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жыл­дығына арнал­ған іс-шараларды жүзеге асыру бары­сы туралы айтып берді. Сенатор сонымен қатар «Ауыл кітапханаларына – 100 кітап» ре­с­пуб­ликалық іс-шарасы аясында Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп кітапханасына кітап сыйлады.

Депутат облыс әкімімен кездесу барысында павлодарлықтарды алаңдатып отырған өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады.