• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Шілде, 2024

Орманға аса қауіпті испан шырышты ұлуы көбейіп барады

230 рет
көрсетілді

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 2020 жылы жаз мезгілінде испан шырышының пайда болғаны туралы дабыл түскен екен.

Бастапқыда «Медеу» өңірлік табиғи паркі аумағында ғана кездескен аталған зиянкес Іле-Алатау паркінің Кеңсай, Көкжайлау сайларындағы жол бойында көптеп ұшырасқан. Таудың ылғал климаты да испан шырышына қолайлы орта жасап отыр. Биыл да тау беткейлеріндегі өсімдік жамылғысы испан шырышының шабуылына ұшыраған. Әсіресе көктемнің жаңбырлы айларында саны ерекше көбейіп, үрей туғызған.

Аталған зиянкес Еуропа елдеріне өткен ғасырдың 50 жыл көлемінде түгел жайылып үлгерген екен. Орман ағаштары жапырағын ке­міріп, қоректеніп, жергілікті өсімдіктер популяциясына елеулі нұқсан келтіретіндіктен испан жалаңаш шырышты ұлуы Еуропада ең қауіпті инвазив түрлер тізіміне енген.

Ал, әлем елдеріне жылдам жайылып бара жатқанының се­бептерінің бірі – испан шырышының табиғи жауларының азаюы екен. Испан шы­рышын қорек ететіндер: кесіртке, жылан, кірпі және қара сайрақ (құс).  Бұлар азайса, шырышты ұлудың бақылаусыз көбею қаупі бар.

Алдағы уақытта испан шырышты ұлуының теріс әсерін азайту және биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша оның популяциясын бақылаудың және үнемі мониторинг жүргізудің маңызы зор саналады.

Бұл туралы толығырақ Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкері Калима Тұрсынбайдың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Шырышты ұлудың зияны» мақаласынан оқи аласыз.