• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2024

«Қарасора» операциясы: Полицейлер 13 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

136 рет
көрсетілді

«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер ел аумағында есірткіге қатысты 523 құқық бұзушылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz мәліметінше Алматы облысының аумағында қарасора өсіру фактісі анықталған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 12 тоннадан асады. Ақтөбе облысында зертханалық жағдайда жасырын есірткі өндірісін ұйымдастырған жергілікті тұрғыннан 3 келіден астам мефедрон тәркіленген.

Қызылорда облысында авиациялық тексеру арқылы есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды. Екі есірткі сатушы анықталып, олардан жарты тоннадан астам марихуана тәркіленді. Жамбыл облысы Рысқұлов ауданынан 130 шақырым жерде 56 келі марихуана дайындаған азамат ұсталды.

Астана тұрғынының пәтерін тінту кезінде 1,5 келіден астам мефедрон табылды. Теміртауда 22 жастағы есірткі таратушы ұсталып, одан 350 грамм доза болатын 300 орам мефедрон тәркіленді.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда көрсетілген қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.