Sportysalaries cайтының мәліметінше, Ж.Әлімханұлы жекпе-жегі үшін 167 млн теңге алады. Ал қарсыласы 95 млн теңгеге ие болады. Бұдан бөлек екі боксшыға да бонустар мен демеушілер тарапынан сыйақы берілуі мүмкін.
Жәнібек Әлімханұлы Жаңа Зеландияның атынан шығатын Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, WBO және IBF чемпиондық белбеулерін қорғайды. Кездесу Лас-Вегастағы Palm Casino Resort аренасында өтеді.
Кәсіпқой бокс кешін 14 шілде күні сағат 06:00-де «Qazsport» және 07:00-де «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.