Синоптиктер 13, 14, 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдағы күндері елдің солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде қысқа мерзімді жауын-шашын жауып өтеді.
13 шілдеде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, республиканың батысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша күн күркіреп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
«Оңтүстікте күндіз ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі, қалған аумақта күрт өзгеріс күтілмейді», делінген хабарламада.